Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / 2020 жылдан бастап мемлекеттік сараптама техникалық жағынан күрделі құрылыс нысандарына берілетін болады

2020 жылдан бастап мемлекеттік сараптама техникалық жағынан күрделі құрылыс нысандарына берілетін болады

2020 жылдан бастап мемлекеттік сараптама тек техникалық жағынан күрделі құрылыс нысандарына берілетін болады.  Бұл туралы бүгін құрылыс саласындағы сарапшылардың  халықаралық форуымында Тұрғын үй коммуналды шаруашылық және құрылыс комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады. Бұдан бұрын мемлекеттік сараптама еліміздегі құрылыс нысанының 80 пайызын тексеріп келген.

Мархабат Жайымбетов,  ҚР ИДМ құрылыс ісі және ТКШ комитетінің төрағасы:

Жекеменшік нарыққа 60 пайызын тапсырдық. Жыл сайын 10 пайызын береміз.  Ал 2019 жылдың соңына қарай 90 пайызын бергіміз келеді. Ал мемлкеттік сараптамада тек  техникалық жағынан күрделі нысандар ғана қалады. Атап айтсақ, атом электр станциялары, мұнай зауыттары, тағы да ірі нысандар да соның ішіне кіреді.