Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Оралда түйреуіш жұтып қойған 6 айлық сәби көз жұмды

Оралда түйреуіш жұтып қойған 6 айлық сәби көз жұмды

Оралда түйреуіш жұтып қойған 6 айлық сәби көз жұмды. Қайғылы жағдайға қатысты сараптама жасалмақ. Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, сараптама қорытындысы шыққасын, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі. Ал дәрігерлер сәби ауруханаға ауыр  халде жеткізілгенін  айтады. Рентгенге түсірген кезде бөбектің асқазан-ішек жолында түйреуіш тұрғаны анықталыпты. Бірақ дәрігерлер сәбиді құтқарып қала алмаған. Әбден қиналған бала  сол күні жансақтау бөлімінде көз жұмыпты. Ал ата-анасы сәбиінің бір апта бойы мазасызданғанын айтады. Жылауы басылмаған соң, жедел жәрдем шақырған.   

Юлия ГОРЯЧЕВА, БҚО БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Сәби ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Дереу тексеріліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексерген кезде оның ас қорыту жүйесіне қадалған түйреуіштің ашылып қалғаны анықталды. Өкінішке қарай, сәбиінің түйреуішті қашан жұтқанын анасы байқамаған. Бірақ баласының бір апта бойы мазасызданып жылағанын айтты.

Е. Карин