Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қырғызстанға заңсыз жағармай тасымалданған болуы мүмкін

AstanaTV
12.11.2021ж. 20:00
1083
Қырғызстанға заңсыз жағармай тасымалданған болуы мүмкін

Қырғызстанға елімізден заңсыз жолмен  жанар-жағармай тасымалданған болуы мүмкін. Жамбыл облысы Меркі ауданындағы шекара аумағынан жасырын құбыр анықталды. Топырақ  астымен  жүргізілген ұзындығы бір шақырымнан асатын құбырмен сұйық отын  тасымалданғаны анық көрінеді.

Бұл бейне жазбаны   аудан тұрғыны түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Автордың айтуынша,  ел аумағынан басталатын жасырын құбыр шекара асып, арғы бетке кеткен.   Бірақ мұны кімнің істегені белгісіз.   Шекара қызметі, бұл іске қатысты  анықтау жұмыстары басталғанын хабарлады.   Жедел-іздестіру тобы құрылған.

Б. Жұмабайұлы