Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мемлекет басшысы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысты

AstanaTV
12.11.2021ж. 20:00
1372
Мемлекет басшысы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына барды.  Сапар барысында  Президент  Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті. Бағдат Әміреев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұйымның қызметі мен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындысы туралы баяндады. Президент саммитке дайындық жұмыстары  көңілден шығатынын атап өтіп, Түркі кеңесін одан әрі дамыту жөнінде маңызды ұсыныстар айтты.  Сондай-ақ, Қасым Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Б. Сатуов