Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қарағанды облысында сотталған әйел 10 кітап оқығаны үшін абақтыдан босатылды

Қарағанды облысында сотталған әйел 10 кітап оқығаны үшін абақтыдан босатылды

Хабарымыздың соңында қызық жаңалық. Қарағанды облысында сотталған әйел 10 кітап оқығаны үшін абақтыдан босатылды.

Көптен күткен бостандыққа 10 кітап оқып, қол жеткізем деп кім ойлаған? Бұрынғы сотталушы Лидияның қуанышында шек жоқ. «Салықтан жалтару» бабымен 5 жылға сотталған әйел 2 жыл  АК 159/9 әйелдер түзету мекемесінде жазасын өтеген.  Акция туралы естігенде бірден көркем әдебиеттерді оқуға кіріскенін айтады.  Жәй оқи салмай, түсініп, тіпті мазмұнын  баяндаған соң ғана марапатқа қол жеткіздім дейді.  Ол осылайша қалған үш жылын қысқартып мерзімінен бұрын босатылды. ЕНді туған қаласы Өскеменге жол тартпақ.  

Лидия, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, БҰРЫНҒЫ СОТТАЛУШЫ:

Мен салықтан жалтарғаным үшін сотталдым. Құрылыс компаниясында жұмыс істеп жүріп, осындай жағдайға тап болдым. Бостандыққа мерзімінен бұрын шығуыма мүмкіндік берген түзету мекемесінің басшыларына, жалпы ұжымға алғысым шексіз.    

Абақты басшылығының айтуынша, «Шексіз оқу» жобасына 50 ден астам әйел қатысуда. Елімізде тұңғыш рет қолға алынған акция оларға үлкен үміт сыйлады дейді.

Назира ҚАДЫРОВА, АК 159/9 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жаза мерзімін қысқартуға немесе мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға таптырмайтын мүмкіндік. Кітап оқу арқылы олардың ой- өрісі де кеңейеді.

А. Қуаш