Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жұмыссыз жастар статистикасы төмендетілген – "Nur Otan" партиясының Жастар кеңесі

AstanaTV
12.11.2021ж. 20:00
1500
Жұмыссыз жастар статистикасы төмендетілген – "Nur Otan" партиясының Жастар кеңесі

Жұмыссыз жастар  статистикасы шынайы емес. «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшелері осылай дейді. Кеңес төрағасының айтуынша, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысушылардың   үштен бір бөлігі ғана нақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Соңғы жылдары бағдарламаны  тек  90 мыңнан астам адам пайдаланған. Сондай-ақ Мәди Ахметов жастарға арналған қысқа мерзімді курстар сайтының жұмысы да нәтижесіз екеніне тоқталды. Тіпті ол туралы ешкім білмейді деуге болады деді ол.

Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РҚК ТӨРАҒАСЫ:

Бұның басты көрсеткіші "Жастар практикасы" арқылы қатысқан осы бағдарламаның түлегі болып саналатын қатысушылардың тек қана 30 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Қалған 70 пайыз адамға жұмсалған қаражат, халықтың салық есебінен бөлінген қаражат  құмға сіңген судай әлі күнге дейін өзінің нақты нәтижесін бере алмай отыр.     

А. Базарбай