Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Вакцина салдырған емізулі аналар нені ескеруі керек? Сәбилерге зияны жоқ па?

AstanaTV
15.11.2021ж. 20:00
1703
Вакцина салдырған емізулі аналар нені ескеруі керек? Сәбилерге зияны жоқ па?

Елордада және бірқатар өңірлерде "Pfizer" екпесімен вакциналау басталды. Десе де бас қалада коронавирусқа қарсы препаратты салдыруға ниеттілердің саны әлі белгісіз. Ойланып жүргендер мен екпеге сенбейтіндер де жоқ емес. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, дейді. Бүгіннен бастап ел астанысындағы сауда орталықтарына «Ашық» қосымшасында «көк» статусы барлар кіргізілмейді. Елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы толығырақ әріптесім Асылбек Данияр тарқатады.

17 жастағы елордалық студент Төрежан Тұрсын "Pfizer" вакцинасын салдырған алғашқы жасөспірім. Баласы қоғамдық орында көп жүретін болғандықтан, ата-анасы екпе алуға кеңес берген. Оның үстіне былтыр коронавирустың жеңіл түрімен ауырғанын айтты. Денсаулығын бірінші орынға қойған студент, шешім қабылдамас бұрын АҚШ препараты туралы ақпараттармен танысып шыққан.

Төрежан ТҰРСЫН, СТУДЕНТ:

Әрине, өзімнің және айналамдағы адамдардың қауіпсіздігі үшін салдырдым. Коронавирусқа барлық вакциналар туралы оқып шықтым. "Pfizer" әлдеқайда тиімді болып көрінді. Індеттен де жақсы қорғайды екен. Қазір барлығы жақсы, әдеттегідей өзімді жайлы сезінемін.

Бақтыгүл ОМАРБЕКОВА, Т.ТҰРСЫННЫҢ АНАСЫ:

Әлемде болып жатқан ауру. Ол дейтін ешқандай күмән болмау керек деп ойлаймын адамда. Егер вакцина бір шешім болып жатса, өзім вакцина салдырмасам да  бәрібір балама салғызу үшін келетін едім.

Бала күтімімен үйде отырған Гүлфайруз Ысқақова екпе алуға біраздан бері ниеттеніп жүр екен. Емізулі ана, екі айлық баласы бар. "Pfizer" екпесі келгенде қатты қуандым, дейді. Өйткені жүкті кезінде де вакцина салдырғысы келгенде дәрігерлер рұқсат бермеген. Ол кезде қолжетімді екпелерді бұл санаттағы адамдарға салуға болмайтынын түсіндіріпті. Айтуынша, барлық адам қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну керек.

Гүлфайруз ЫСҚАҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мен өзім сұрадым: "балаға әсер етеді ме?" деп. Балаға ешқандай әсер етеді деп айтқан жоқ. Әсер етпейді, дейді. Ананың ең басты қорқынышы сол ғой. Өзі ме су тигізбе деді, кішкене температура болуы мүмкін деді. Қызу төмендететін дәрілерді ішуге болады деген кеңестер айтылды.


Екпе салудан бұрын, міндетті түрде медициналық тексерістен өткізеді. Ниет білдірушінің дене қызуын, қан қысымын, қандағы кислород мөлшері өлшенеді. Денсаулығы жарамаса, вакцина салмайды. Айта кету керек, АҚШ препаратының 1 құтысы 6 адамға арналған. Дәріні ашқаннан кейін тек 6 сағатқа жарамды. Егер, оны уақтылы пайдаланбаса, қоқысқа тасталды.

Гүлмира ДҮЙСЕМБАЕВА, №8 НҰР-СҰЛТАН қ. ЕМХАНАСЫНЫҢ №2 ОДО БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:


Екпеден кейін болатын жанама әсерлер туралы ата-аналарға алдын ала ескертеміз. Инъекция жасалған орыны қызарып, ауырсынуы мүмкін. Дене қызуы көтеріліп, бас айналуы жағдайы да кездеседі. Егер, екпеден кейін қандай да бір асқыну болса, учаскелік дәрігерге немесе жедел жәрдемге жүгіну қажет.


Елорда бойынша екпе алуға өтімін бергендердің арасында жүкті әйелдердің, емізулі аналардың белсенділігі жоғары. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласында вакцинаға алуы керек 5 мың аяғы ауыр келіншек, 28 мың емізулі ана және 63 мың бала бар.

Елдегі эпид ахуал тұрақталып келеді. Бағалау матрицасының "қызыл" аймағында Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары ғана қалған. Басқа қала-облыстар "сары" және "жасыл" белдеуде тұр.
 
Екпе салу қарқыны да жаман емес. Қазір 8 миллионға таяу адам иммундауды толық аяқтаған.

Елде келесі аптада ревакцинация басталады. Үкімет басшысы Асқар Мамин қайта екпе алуға дайын екенін хабарлады.

А. Данияр