Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Атырауда тұрғын үй өртеніп, ауыр жарақат алған екі жігіт қайтыс болды

AstanaTV
15.11.2021ж. 20:00
1025
Атырауда тұрғын үй өртеніп, ауыр жарақат алған екі жігіт қайтыс болды

Атырауда  жер үйдің жылыту қазандығы жарылып,  зардап шеккен үш жігіттің екеуі  көз жұмды.   Дәрігерлердің айтуынша, 19 жастағы бозбалаларға тиісті ем-дом жасалған.   Бірақ денесінің 90-95 пайызын күйік шалған олар ақыры ес жимапты.  

Бекен ҚҰЛНИЯЗОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Екеуінің де түскен кезде жағдайы өте ауыр. Күйік көлемі 90-95 пайыз. 2-3дәрежеже болды.Барлық ем шаралары қолданылды. Соған қарамастан естерін жимастан  екі науқас та қайтыс болды.
 
Ал өрттен ауыр жарақат алған үшінші адам-22 жастағы бойжеткен қазір ем алып жатыр. Оның денесінің  45 пайызы күйген.    Естеріңізге салайық, оқыс оқиға  қала маңындағы  Балауса ықшамауданында болған.  Жылу  қазандығы жарылған кезде үйде 3 студент ұйықтап жатқан. Үй иелері басқа қалаға көшіп, уақытша   туыстарына қалдырыпты.  «Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, оның ішінде 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған іс-әрекет» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Өрт-техникалық экспертизасы тағайындалды. Бұл экспертиза өзге облыстан шығатындықтан экпертизаның нәтижесін ғана күтеді. Қайдан шықты өрт, жарылды ма, әлде басқа да кедергілер болды ма? Немесе газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан болды ма, осыны өрт техникалық экспертизасы анықтап береді.

Б. Надірқызы