Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкентте 9-сыныптың оқушысы 7 айлық сәбиімен дағдарып отыр

Шымкентте 9-сыныптың оқушысы 7 айлық сәбиімен дағдарып отыр

Шымкентте 15 жасында босанған жас ана сәбиімен оңалту орталығын паналап отыр. 9 сыныпта оқитын қыздың баласынан айрылылып қалу қаупі бар. Құжаты болмағандықтан сәби балалар үйіне жіберілмек.  Қазір орталық мамандары ана мен баланы бір бірінен айырмаудың жолдарын қарастырып жатыр.   Әріптесім Айзада Төребекқызы тарқатады.

Бет жүзін көрсеткісі келмеген Гүлмираның ұлының әкесі де кәмелет жасқа толмаған. Биыл ғана мектеп бітіріпті. Гүлмира 13 жасында өзінен үш жас үлкен жігітпен  мектеп-интернатта оқып жүріп танысады.  Бір жылдан кейін аяғы ауырлаған. Алайда жігіт 7-сыныпта оқитын қызбен  жақындасқанын біразға дейін мойындамапты. Тіпті алғашқыда бауырына басқан жігітінің анасы да бала дүниеге келген  соң айнып шықты дейді.

Гүлмира, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жағдайымды жасап жүрген. Сөйтіп өздерінің делолары бәрі жабылғаннан кейін уже мінездері де өзгеріп кетті. Анасы екеуміз осы қалада квартирада тұрғанбыз босанғаннан кейін. Мамасы өзі қарап тұрды да квартира алып беріп, менімен бірге тұрды.  


Гүлмираның ұлы қазір 7 жарым айлық. Алайда осыған дейін баланың әкесі бір де бір рет  іздемепті.  Бастапқыда ұлымның әкесін қорғап қалу үшін анамның бірге тұратын азаматы зорлады деп өтірік те  айтқанмын. "Қазір оған  сезімім суыды" деген жас ана осындай қателік жасағанына қатты өкініп отыр.  

Гүлмира, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол жігітпен кездескеніме, танысқаныма ..бірақ баламды қолыма алғаныма емес..ол жігітпен танысқаныма қатты өкінем. Алдағы жоспарым өзімнің үйім болған соң мен визажист мамандығына  түсем. Мықты визажист болам деп үміттенем..баламды кішкене өскеннен кейін садикке берем...

Гүлмираның арманы асқақ. Ата-анамнан көрмеген мейірімді бауыр ет  баламнан аямаймын дейді. Тіпті өзінен кейінгі сіңлілерін де қолына алғысы келеді. Орталыққа тамыз айында жеткізілген ол алғашқыда білім алуды ойлауға да шамасы болмаған.  Қазір 9-сыныпта оқитын оқушыға орталықтағылар қосымша оқытушы жалдап  отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір орталықтағылар бірінші кезекте жас анаға баспана әперудің амалын жасап жатыр екен. Бұл үшін арнайы есеп шот ашылып, оған қайырымды азаматтар  ақша салуды бастап кеткен. Орталық басшысы сондай-ақ, қыздың әкесіндегі 2 млн теңгені де осы қорға аудартудың амалын жасап жатқанын жеткізді. Кезінде алданған қыздың өтемақысы ретінде ретінде жігіттің ата-аналары жер рәсімдеп берген екен.

Малика ЖҮСІПОВА, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әкесі енді алған ақшасын бергісі келмейді. Өйткені оның айтуынша қазір қасында шешесі бар, сол шешесі көмек берсін деген әңгімемен тоқталып тұр. Алғанын мойындап отыр. Оны мойындап отырған баланың әке жағыда айтып отыр «біз бердік, біздің ешқандай кінәміз жоқ».

Гүлмира келер жылы 16 -ға  толады. Оған дейін ұлына туу туралы куәлік те ала алмайды.  Дәл осы орталықта  қазір Гүлмираның өз анасы да тұрып жатыр. Кезінде бес баласын күйеуіне тастап кетіп қалған келіншекті мұнда ұстап тұрудың өзі де оңайға соқпай тұр дейді Малика Жүсіпова.  Тек Гулмираның сәбиін балалар үйіне алып кетпеуі үшін осылай етуге мәжбүр екенін айтады.

Малика ЖҮСІПОВА, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Заң бойынша ол баланы балалар үйіне алып қоюы мүмкін. Екіншіде қыз деген әлі 16-ға толмаған. Сол себептен осы «Көмекке» мамасын да алдыртып, опекунство жасаттырып соған...


Түркістан облыстық полиция департаменті  қыз әкесінің күдікті деп танылған кәмелет жасқа толмаған  балаға қатысты шағым-талабы жоқ болғандықтан,  істі тоқтатқан. Сондай-ақ оған екі тараптың татуласуы себеп болған. Ал бүгін   қыздың ата-анасы білім басқармасына шақыртылды. Орталық басшысының айтуынша,   анасы тастап кеткен бес баланың жәрдемақысын әкелері әлі күнге дейін алып отыр. Сондай-ақ жомарт жандар жалғызбасты әкеге  үй де алып берген көрінеді.

А. Төребекқызы