Елордада телекоммуникация мен цифрландырудың перспективасы туралы жиын өтті. Дөңгелек үстелде бас қосқан депутаттар мен құзырлы орган басшылары, сала мамандары өзекті мәселелерді талқылады. Мамандардың айтуынша, еліміздегі мобилді операторлар сапалы байланыспен, интернетпен қамтамасыз ете алмай отыр. Солай бола тұра, олар бәсекелестік принципі, кәсіпкерлер теңдігі бұзылады деген желеумен өзгелердің нарыққа енуіне жол бергісі келмейді. Бұл кабелдік канализация жұмыстары барысында анық байқалады. Жиынға қатысушылардың айтуынша, жүйе мемлекет қаржысына салынған. Сондықтан барлық операторға қолжетімді болуы керек.
Нұргүл ЖАМАНОВА, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Кабельдік канализацияны пайдаланудың өз ережесі бар. Сондай-ақ оған қолжетімділік мәселесі қазір қаралып жатыр. Қазір біз ережеге өзгерістер енгізумен айналысып жатырмыз. Бірақ соған қарамастан, біздің ойымызша, телекоммуникация секторында да негізгі қуат тәртібі қажет.
А. Базарбай