Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Заң шығару кезінде парламенттік емес партиялардың да ұсыныстары ескеріледі

AstanaTV
18.11.2021ж. 20:00
1352
Заң шығару кезінде парламенттік емес партиялардың да ұсыныстары ескеріледі

Заң шығару кезінде парламенттік емес партиялардың да ұсыныстары ескеріледі. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Партияаралық Кеңестің кезекті отырысында айтты. Маңызды құжаттарды талқылауға барлық саяси ұйымдардың қатысуы диалог алаңының маңыздылығын және тиімділігін көрсетеді, деді спикер.   VII шақырылымдағы Парламент жұмысы басталғаннан бері Мәжілісте 128 заң жобасы қаралған.  Оны талқылауға  барлық партияның өкілдері  қатысып, нақты ұсыныс-пікір  білдірген.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі күні барлық партия өкілдері, соның ішінде Парламентке кірмеген партиялар біздің заң шығару жұмысымызға қатысып өздерінің нақты ұсыныстарын жеткізіп келеді. Осының барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Еститін Мемлекет" тұжырымдамасымен сәйкес келеді. Бұл Парламент үшін де қоғам үшін де өте маңызды.

Отырысқа қатысқан Парламенттік емес партия мүшелері де ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендерін жеткізді.

Төлеутай РАХЫМБЕКОВ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Былтырғы жылы, биылғы жылы көптеген саяси реформалар барысында көптеген ұсыныс берілген болатын. "Ауыл" партиясы Парламенттік партиясының қатарында болмаса да мәслихат депутаттарының саны мен әкімдердің санына қарасаңыз 2-орында.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ,  «ADAL» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


Мәжіліс Мемлекет басшысының ашықтық қағидасын жақсы деңгейде орындап келе жатқан сияқты деп есептеймін. 128 заң жобасы өткен екен биыл, оның 80-і сенатқа жіберілген 41 қазір жұмыста. Оның бәріне "Adal" партиясы ретінде біз өздеріміздің мамандарымызды беріп жатырмыз. Бұл жұмыстың аясында ашықтықтың бары сөзсіз.


А. Данияр