Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бұқаралық спортты дамытуға неге аз қаржы сұралды?

AstanaTV
18.11.2021ж. 20:00
1220
Бұқаралық спортты дамытуға неге аз қаржы сұралды?

Спорт саласындағы даулы мәселелер бітер емес. Сенатор Нұртілеу Жүсіпте бөлінген ақшаның нәтижесі болу керек деп есептейді. Ысырапқа айналған қаржының бір мысалы - Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасы. 16 жылдан бері салынып жатыр. Нысанғы жұмсалған қаражатта  аз емес, бақандай 87 миллиард теңгеден асады. Депутат осындай пайдасынан шығыны көп құрылыстарды тоқтатып, бұқаралық спортпен айналысатын ғимараттар салу керек, дейді. Болмаса, болашақ ұрпақ виртуалды әлемнің жетегінде кете ме деп алаңдайды. Сонымен бірге, алдағы екі жылдың бюджет жобасында спорт инфрақұрылымын дамытуға алдыңғы жылдарға қарағанда қаражат 14 есеге аз бөлінген. Осы орайда министрлік Президенттің тапсырмасын орындай ала ма деген заңды сауал туындайды.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Жалпы айтқанда, дене шынықтыру және спорт туралы  заңның бабына сәйкес бұқаралық спортты дамыту ол - жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Сондықтан, 2022 жылы жалпы 50,2 миллиард теңге бөлінеді деп жоспарлап отырмыз.

А. Данияр