Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырау облысының мұрағаты - Елордада

AstanaTV
19.11.2021ж. 20:00
1356
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырау облысының мұрағаты - Елордада

Бас қалада Атырау облысы мемлекеттік архивінің құжаттар таныстырылымы өтті. Шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Құнды құжаттар егемендік жылдардағы маңызды оқиғалар мен тарихи сәттерден сыр шертеді. Тарих қойнауына енген әр кезеңнің, әр жылдың өзіндік мән-маңызы, ерекшеліктері, айқындалатын айтулы оқиғалары мен жылнамасы бар. Бұл орайда архив ісіне жүктелетін жауапкершілік зор. Мұрағат– тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы.

Қуаныш СЕРІК, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БАСШЫСЫ:

1991 жылдан бастап  2021 жылға дейінгі архив құжаттары негізінде жасалған көрме. Осы архив құжаттарының негізінде біздің облысымыздың тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін көруімізге болады.


Б. Сатуов