Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елорда көпқабатты үй тұрғындары 4 жылдан бері жылусыз отыр

AstanaTV
19.11.2021ж. 20:00
2103
Елорда көпқабатты үй тұрғындары  4 жылдан бері жылусыз отыр

Елордада  Көктал шағын ауданының тұрғындары   жылусыз отыр. Айтуларынша, мәселе  4 жылдан бері  шешілер емес.  Себебі, олардың қолында баспананың құжаты  жоқ.  Ал мердігер құжатты әне береміз, міне береміз деп жүрген көрінеді.  Арнамызға шағымданған тұрғындардың жанайқайын тілшіміз Әсел Дүкембаева жеткізеді.

Бұл 5 қабатты үйге тұрғындар  4 жыл бұрын келіп қоныстанған.  Олар жыл сайын қыста ыстық су мен жылудың   жоқтығынан  әбден қиналатынын айтады. 110 отбасы қазір де тастай суық үйде дірдектеп отыр.   Амалсыздан, электр пеш қосады, бірақ ол жарық ақысын еселеп жібереді дейді.

Жазира ЖҮЗЖАСАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Подъезге кіріп көріңіздер, не батарея жоқ, тастай. Қыс бойы су қатады. Осы жерде тұратын адамдар ақша жинап суды да жылытамыз өзіміз. Отопление жоқ. Электрическое. Жылу өткіземіз деп отыр, жылуда өткізген жоқ. Подъездің бәрі тұр іске аспай.

Тұрғын үйде пәтер иелерінің кооперативі де жоқ.  Себебі, пәтерлердің құжаттары әлі рәсімделмеген.

Набира ГАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Айтамыз каждый раз, бәрін істейміз, бәрін жеткіземіз дейді ойлаймыз енді жаздыкүні істейтін шығар деп ештеңеге қозғалмайды, бәрі құлап жатыр, жандары ашымайды ештеңеге.


Ал мердігер  компания басшысының айтуынша, үй әлі пайдалануға берілмеген. Құжаттары әзір болмаса да, тұрғындар өтініш айтып, өздері  көшіп келді дейді. Сондықтан кейбір мәселелер біртіндеп шешіліп жатқан көрінеді.    

Эльхами ХУРОСОНИ АМИР, "АРУАНА "XXI ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:


Қазіргі уақытта, 1-ші кезектегі барлық пәтерлер 100% тапсыруға дайын.  Пәтерлерді пайдалануға беру актілеріне бүкіл құжаттар дайын. Газ қазандық орнатылды, ішкі су құбырлары дайын, газ қызметіне өтініш берілді.  


Жоспар бойынша көпқабатты тұрғын үй санаулы күннен кейін газға қосылады. Бірақ  мердігердің мұндай уәдесіне әбден тойған  жұрт бұл тағы да сөз жүзінде қала ма деп алаңдайды.

Ә. Дүкембаева