$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Францияда коронавирустың бесінші толқыны басталды

AstanaTV
22.11.2021ж. 20:00
1379
Францияда коронавирустың бесінші толқыны басталды

Францияда коронавирустың бесінші толқыны басталды. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Айтуынша,   күніне орта есеппен 20 мыңға жуық адам ауру жұқтыруда. Жағдай қиындап бара жатқандықтан  билік тұрғындарды  вакцинаның үшінші дозасын алуға   және міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын  қолдануға шақырды.

Пандемия  басталғалы Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 7,3 миллионнан асты. 118 мыңнан астам адам қайтыс болды.   Осыған дейін инфекция жұқтыру  100 мың адамға  шаққанда100 жағдай болса , қазір 100 мың тұрғынға   164 жағдай тіркелуде.

Габриэль Атталь, ФРАНЦИЯ ҮКІМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Біз инфекциялардың өте күшті өсуін көріп отырмыз, бірақ біз сонымен бірге Францияда вакцинацияның өте кең ауқымы бар екенін білеміз және біз күшейтетін вакциналар бойынша көршілерімізден әлдеқайда озықпыз.


Дегенмен, билік «санитарлық рұқсатнамаларды» немесе вакцинацияны көрсететін анықтамаларды  бақылауды күшейтуді қажет дейді. АЛ, эпидемиологтардың айтуынша, ахуал қыста  өршуі әбден мүмкін.

Катерина ХИЛЛ, ЭПИДЕМИОЛОГ:

Біз қыс мезгілінің келуімен байланысты жаңа эпидемиялық толқынның қарсаңында тұрмыз, инфекция тарауы мүмкін, сондықтан анықталған жағдайлар санының артуына ықпал етеді. Осылайша, бұрын қалыптасқан әдеттерді қайта еске түсіру керек.

Ал Кипр Республикасының президенті жұрт коронавирусқа қарсы вакцина алмаса,  шектеулер күшейеді деп мәлімдеме жасады.  Антиваксерлерге қатысты  қатаң шаралар қабылдайтынын жеткізді.     Қараша айынан бастап  Кипрде вирус жұқтыру көрсеткіші өскен.   

Ә. Дүкембаева