Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Елордада "Елбасы.Парламент.Тәуелсіздік" атты халықаралық форум өтті

AstanaTV
22.11.2021ж. 20:00
1480
Елордада "Елбасы.Парламент.Тәуелсіздік" атты халықаралық форум өтті

Елордада Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық парламентшілер форумы өтті. Шараға қатысушылар  Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін талқылады. Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдардағы жетістіктер мен мемлекетіміздің сыртқы елдермен қарым-қатынасы туралы айтылды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Парламент Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың маңызды бастамаларын заң деңгейінде қолдап, барлық реформаларды қажетті сапалы заңдармен қамтамасыз етті. Парламенттен шыққан әрбір құжат халқымыздың, еліміздің экономикалық, әлеуметтік-саяси. мәдени  дамуын заңнамалық тірегіне айналды деуге болады.


Форумға қатысқан Әзербайжан, Ресей, Словакия, Түркия, Өзбекстан парламенттерінің басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар да Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты мен идеяларының өміршеңдігін ерекше бағалайтындарын жеткізді.

Сюрейя Сади БИЛЬГИЧ, ТҮРКИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ВИЦЕ-СПИКЕРІ:

Қазақстан қазір саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Экономикасы қарқынды дамуда. Қазақстанның толағай табыстарында Тұңғыш Президент Елбасының рөлі ерекше. Екі елдің Парламент өкілдері ретінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі белсенді дамытамыз.


Б. Сатуов