Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Үкіметтік емес ұйымдар жұмысының жемісі

Үкіметтік емес ұйымдар жұмысының жемісі

Қоғамда Үкіметтік емес ұйымдардың араласуымен   көптеген әлеуметтік мәселе шешімін тапты. Азаматтық қоғам өкілдері жүзеге асырған жобалардың нәтижесі көңіл қуантады. Мәселен, ардагерлерді компьютерлік сауаттылыққа  үйрету жұмыстарында аталмыш ұйымдардың маңызы зор.  Бұл туралы Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл Консультативтік кеңес отырысында айтылды. Жиында  үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіздік жылдарындағы  жетістігі,  олардың рөлі туралы  сөз болды. Қала әкімі Алтай Көлгінов үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің жаңа ұсыныстарын тыңдап, қолдау білдірді.

Тәуелсіздік жылдары мемлекет пен азаматтар арасындагы байланыс нығайды. Нәтижесінде жемісті жұмыстар атқарылды.   Мәселен биыл еліміздегі  ардагерлер ұйымдары зейнеткерлерге компьютер  үйретуді қолға алды. Осы уақытқа дейін 2 мыңға жуық  қария қамтылды.  "Қазір  сыртқа шықпай ақ, кез-келген қызметті үйден алуға   болады. Үлкен кісілер үшін бұл тіпті ыңғайлы. Сондықтан олардың техниканы  меңгергені өте маңызды - дейді елорда әкімі Алтай Көлгінов. Дәл осындай жобалар өте қажет.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ардагерлерді компьютерлік сауаттылыққа үйрету. Үйде отырған кезде зерігеді, бір-бірімен тәжірибе алмасады. Немесе сол тәжірибемен жастарға бөлісу. Жастарды үймен қамтамасыз ету. Сол үкіметтік емес ұйымдардың рөлі өте жоғары деп ойлаймыз.


Әкімнің айтуынша, аз қамтылған отбасыларға   көмек көрсетуде, жастарды жұмыспен қамтуда да  үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше. Сондай-ақ,  әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, қоғамдағы көп мәселенің шешімін табуына септігін тигізіп отыр. Қала әкімі тұрғындар мен ұйым жетекшілерінің жаңа ұсыныстарын тыңдап, оларды тереңірек талқылауға шақырды.

Махаббат ЕСПЕНОВА, "КАМЕДА" ҚҚ БАСШЫСЫ:

Елордада шамамен 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар.  Олар түрлі саланың дамуына  өз үлестерін қосып жүр. Бірі экологияны, бірі пәтер иелері кооперативі қызметінің сапасы бойынша, бірі ардагерлер мәселесі туралы жұмыс істейді. Бүгін біздер қала әкіміне әлеуметтік маңызы бар деген ұсыныстарымызды айттық.

Жақында 10-шы Республикалық X азаматтық форумы өтеді. Оған елордалық делегаттар да қатысады.

Д. Жарқынбек