Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атыраудағы балабақшада қазақтың ұлттық ойыны асық атуды дәріптеуде

AstanaTV
23.11.2021ж. 20:00
4865
Атыраудағы  балабақшада қазақтың ұлттық ойыны асық атуды дәріптеуде

5 мың асық - 50-ден астам дидактикалық ойын. Атыраудағы бөбекжай-балабақшалардың бірінде  қазақтың ұлттық ойыны- асық  кеңінен дәріптелуде.  Оқу-тәрбие процесіне асық терапиясын қосу баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, шыдамдылыққа үйретіп, сымбатты болуға қалыптастырады,- дейді тәрбиешілер. Ұлттық құндылықтар жолын ұстанған балабақшаның тың жаңалығы туралы тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы толығырақ айтады.  

Қызыл мен көк түске боялған асықтар бұл жерде дыбыстың рөлінде.  Жоғары топ балалары берілген сөзге жарыса дыбыстық талдау жасауда. Ал мына түрлі түсті бауларға  асық өткізу- төменгі топ балаларына арналған ойын. Логикалық, математикалық, тіл дамытуға қатысты ойындардан бөлек,  мұнда музыкалық аспаптар да асықтан жасалған. Көрген ертегілерін пысықтау үшін де асық ойынын қолданады. Сабақтан шаршаған бөбектерді сергітетін ойындар да  ерекше.

Ермек  СЕРІКҚЫЗЫ, АСЫҚ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Қол моторикасын дамытады, баланы шыдамдылыққа ептілікке  баулиды. Балалар кәдімгідей қызығып, түсін ажыратуға, санауға, сөз байлығын  молайтады. Сөздік қоры. Дауысты, дауыссыз деген асықтар бар бізде.

Асық толы шағын ғана бөлмеге балалар қуана келеді,- дейді мамандар. Аса жоғары талғаммен жасалған әрі көз тартар әдемі.  Мектепке дейінгі тәрбие орны  асық терапиясын   осыдан үш жыл бұрын тәжірибеге енгізіпті. Қазір асық саны бес мыңнан асады. Тәрбиешілер 50ден астам дидактикалық ойын ойлап тапқан. Асықты жинауға ата-аналар көмектесті дейді.

Гүлбану ҚОНАЕВА, БАЛАБАҚША  МЕҢГЕРУШІСІ:

4 сағат бойына қайнатып, күн сәулесіне кептіріп,  залалсыздандырылғаннн кейін ғана біз ойындар түрын дайындауға кірісеміз. Түрлі түсті таңдау арқылды оларды бояп, стандарт бойынша ойын түрін дайындаймыз.


Тіпті дене шынықтыру сабағында да   асық қолданады. Инновациялық тақтайшалар, массажды қолғаптар мен кілемшелер арқылы бала денсаулығын шыңдайды дейді мамандар.  Асық терапиясын өзге  бөбекжайлар да біртіндеп тәжірибеге енгізуде.   

Б. Нәдірқызы