Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Nur Otan» партиясы 100-ден аса жарамсыз автобус қойылған тұрақты тексерді

AstanaTV
22.11.2021ж. 20:00
1102
«Nur Otan» партиясы 100-ден аса жарамсыз автобус қойылған тұрақты тексерді

«Nur Otan» партиясы 100-ден астам жарамсыз автобусы бар иесіз қалған тұрақты тексерді. Бұны қала белсендісі Алматы іргесінен тапқан болатын.  Ол қаңтарылып тұрған  қоғамдық көлікке бей-жай қарай алмайтынын айтқан. Мұнда тек ескі автобустар ғана емес, тіпті, әлі тозбаған жаңалау көліктер де бар. Бұл ақпаратты «Алматыэлектротранс» өкілдері де нұротандықтармен кездесуінде растады.  Бірақ, компания өкілдері тұрақтағы автобустардың  жартысы жөндеу жұмыстарына байланысты кезек күтіп тұрғанын, қалғаны  қайта жаңғыртуға жіберілетінін жеткізді.  

Әміржан НӘБИЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кез келген техниканың уақыты келгенде істен шығады белгілі. Бірақ, бұл автобустардың жөнделу мерзімі көрсетілген. Бізді қоғамдық көлік экономикалық жағын тиімді ме деген сұрақ мазалайды. Сондықтан, қазір арнайы сұрау салып, техникалардың қаншалықты тиімді екенін анықтайтын боламыз.

Әлі ескіре қоймаған   автобустардың жөнделуін Nur Otan» партиясы бақылауға алды.  Бұл ретте партиялықтар   қоғамдық көліктер өз-өзін ақтай ала ма, соны да  тексермек.

Талғат ӘБДІРАХМАНОВ, «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Келесі жылы 120 автобусты жөндеп, пайдаға жаратын боламыз. Биыл жыл соңына дейін 100 қоғамдық көлікті жөндеуді жоспарлап отырмыз.  Оның ішінде 44 көлік жөндеуден өткізілді. 56 автобус бір жарым айдың ішінде жөнделіп, кәдеге жарайтын болады. Ескілері қайта өңдеуге жіберіледі.

Ө. Қуанар