Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Көмір 30 мың теңгеден сатылып жатыр

AstanaTV
24.11.2021ж. 20:00
1204
Көмір 30 мың теңгеден сатылып жатыр

Еліміздің кейбір өңірлерінде көмірдің бір тоннасы 30 мың теңгеден сатылып жатыр. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров  бұған қатысты өз наразылығын білдірді. Депутат үкіметтен мәселені реттеуді талап етті.  Оның айтуынша, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысында қатты отын  қымбаттаған. Баға өндірушілер құнынан бірнеше есе жоғары екенін атап өтті. Әлемдегі ең ірі көмір өндіруші елдердің ондығына кіретін елде көмірден тапшылық көру ұят деді ол.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN"   ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қып-қызыл бағаға көмірдің өзі тапшы! Қақаған қыста азаматтар ақшасын төлеп қойып, көмірді тосуға мәжбүр! «Көмірдің қымбаттығынан, оны сатып алу үшін банкіден несие алып жатырмыз» деген де хабар-ошар жетуде! «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері азаматтар үшін тұрмыстық көмір қолжетімді және әділ бағамен сатылуы тиіс деп санайды.


Д. Жарқынбек