Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қарағанды облысының Абай шахтасында болған төтенше жағдайға «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 100 % кінәлі

Қарағанды облысының Абай шахтасында болған төтенше жағдайға «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 100 % кінәлі

Қарағанды облысының Абай шахтасында болған төтенше жағдайға «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 100 % кінәлі.  6 шахтер болған кенжарға бірнеше секундта 8 жүз газ тасымалдаушы көлікке сиярлық метан газы мен 2 жүз тонна көмір құлаған. Салдарынан жұмысшылар   уланған. Кен орнында тиісті сақтық шараларының жүргізілмеуі осы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Бүгін төтенше жағдай министрі Юрий Ильин үкіметтік комиссияның жұмысын осылай қорытындылады.  Юрий Ильиннің айтуынша, кенжарға түскен 64 адам желдеткіштерді тексеріп, кенжардағы қоршауларды бекіту үшін 5 жүз метр тереңдікке түскен. 20 минуттан соң ондағы метан деңгейі кенет 41 пайызға артқан. Кезекші диспетчер дер кезінде жарықты өшіргендіктен ғана өрт пен жарылыстың алдын алған. Ал екі шахтерға кенжардың есігіне жақын тұрған үшінші кенші құтқару қондырғысын кигізіп үлгерген. Апаттан құтқару шарасын белсене атқарған екі жұмыскерді төтенше жағдай министрлігі марапаттамақшы.  Үкіметтік комиссия тергеуге Ресей мен Германиядан арнайы сарапшылар тартылғанын айтты. Олар шахтада жұмысшылардың тапшылығын анықтады. Қондырғылар жаңартылмаған, сонымен бірге тау- кен геологиялық барлау жұмыстары да дұрыс жүргізілмеген. Яғни жұмыс беруші шахтерларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасамаған. Үкіметтік комиссияның қорытындысы енді тергеу орындарына беріледі. Адам өліміне әкеліп соққан төтенше жағдайға кінәлі тұлғалар анықталмақ.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Комиссия шахтада қайтыс болған жұмысшылардың кінәсі 0%, ал Арселор Миттал тарапынан жұмыс беруші 100% кінәлі деп шешті. Кен орнында тиісті шаралардың жүргізілмеуі осы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Енді тергеу орындары қылмыстық іс аясында нақты кінәлі лауазым иелерін анықтайды. Сол кезде шахтада болған 64 шахтер, шахта басшылығы, бас инженер, техникалық қауіпсіздік инженері барлығы куәгер ретінде сұралады. Тергеу орындары арықарай істі қарайды.

А. Қуаш