Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Оралда жалған дипломмен 10 жыл жұмыс істеген медбике істі болды

Оралда жалған дипломмен 10 жыл жұмыс істеген медбике істі болды

Батыс Қазақстан облысындағы аудандық аурухана медбикесі 10 жыл бойы жалған дипломмен  жұмыс істеген.   Облыстық полиция департаменті оның үстінен жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу бабы бойынша іс қозғады. Егер оның кінәсі дәлелденсе,  160 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 40 тәулікке   қамалады.   Оның жұмысынан ешқандай кінәрат табылмаған. Тек бір ай бұрын мекемеде аккредитация жүргізілген кезде оның дипломы жалған екені анықталыпты. Осыдан кейін Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры аудандық полиция бөліміне хабарлаған.  

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:


Қазір дипломды күдіктіге кім дайындап бергені тергеліп жатыр. Егер анықталса, бұл азамат та сыбайласы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Полиция департаменті азаматтарды жалған құжатты пайдаланбау керектігін ескертеді. Өйткен бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған!

Е. Карин