Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қостанайда жеке үй өртеніп, 7 жасар бала көз жұмды

Қостанайда жеке үй өртеніп, 7 жасар бала көз жұмды

Қостанайдағы жеке үйлердің бірі өртеніп, 7 жастағы бала көз жұмды. Ал, зардап шеккен анасы ауыр халде ауруханада жатыр.  Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Төтеншеліктер оқиға орынында тексеру жұмыстарын жүргізуде.

От 6 пәтерлі үйдің бірінде тұтанған. Құтқарушылар өртенген үйден 4 тұрғынды эвакуациялап үлгеріпті. Дәрігерлер өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр деп отыр.  

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

77 жылғы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ауыр халде. Денесінің 90 пайызын күйік шалған.


З. Санай