Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары – жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға арналған маңызды үндеу, - М.Әйтенов

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
1897
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары – жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға арналған маңызды үндеу, - М.Әйтенов

Елбасы нақтылаған "Елдіктің жеті тұғыры" ел тұтастығын нығайтып, жарасымды тірліктерді жалғастырады. Біздің арнаға сұқбат берген Шымкент қаласының әкімі   Мұрат Әйтенов осылай дейді.  "Бұл– жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға арналған маңызды үндеу".  Қала әкімінің айтуынша, бұл орайда жетекші партияның  халық игілігі үшін  атқарып жатқан жұмыстарының маңызы зор.  Сайлауалды бағдарламалар жүйелі орындалып, жұрттың көкейіндегі көптеген мәселе шешімін тапты. Партия   халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған.   Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік мәселелерін шешуде ауқымды жұмыстар  атқарылуда.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біздегі сайлауалды бағдарламада ең бастысы тұрғындардың өзекті мәселелері бұл –инженерлік инфрақұрылым болған. Бұл жердегі су газ, электр қуаттары, кәріз жүйесі осының бәрі биылғы жылы мына ...айта кетсек 7 кестемен ішетін елді мекен болған, бес су мүлдем қамтылмаған, солардың бәрі биыл 100 пайыз су мәселесін жалпы елдімекендерге жеткізіп жатырмыз.  

Тәуелсіздіктің 30 жылын артқа тастаған елімізде ауыз толтырып айтар оң өзгеріс көп. Экономика өркендеп, өңірлер қарыштап дамып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен миллионды қала Шымкенттің өз алдына республикалық қала  мәртебесіне ие болғаны   жасыл қаланың екінші тынысын ашты,- дейді шаһар әкімі Мұрат Әйтенов.  Еліміздегі үшінші мегаполисте барлық сала бойынша даму бар. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш көңіл қуантады.  

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Отыз жылдың ішінде Шымкент өзгеше өзі 400 мың халықтан 1 млн халыққа жетті. 90 мыңыншы жылдары қаламыздың бюджеті 1 млрд теңге болса, бүгінгі күні 495 млрд қаражатқа жетіп отырмыз. 90 жылдарда бастамасында тәуелсіздіктің таңы атқанда бізде 72 мектеп болса, бүгін бізде 202 мектеп  болып отыр.


А. Төребекқызы