Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Маңғыстау облысында су мәселесі шешіледі

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
1422
Маңғыстау облысында су мәселесі шешіледі

Маңғыстау облысындағы ауылдар  келер жылы толық ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Әкімнің айтуынша, 2025 жылға қарай су тұтыну көлемін көбейту жоспарланған. Су тапшылығын жою үшін аймақта жобалар жүзеге асып жатыр. Өңірдегі ауылдық елдімекендердің жартысынан көбі ауыз сумен қамтылған. Өңір басшысының мәліметінше, қалған ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмысы келер жылдың соңында аяқталады.  

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ақтау қаласы, Жаңаөзен және Форт Шевченко қалаларында ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерінің 100% жасақталған. Қазіргі таңда ауылдық елдімекендерде сумен қамту өткен жылы 92% пайыз болса, биыл 96% болады деп жоспарлап отырмыз.  

Д. Жарқынбек