$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматылық тұрғындар «Нұр Отан» партиясы мүшелерінен кеңес алды

AstanaTV
25.11.2021ж. 20:00
1467
Алматылық тұрғындар «Нұр Отан» партиясы мүшелерінен кеңес алды

«Нұр Отан» партиясының мүшелері Алматыдағы  халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде қоғамдық қабылдау өткізді. Өтініш білдіргендердің арасында мегаполис тұрғыны Гүлжан Бекқожаева да бар. Оның айтуынша балалары пәтер жалдап тұрады, ал үй алуға қаражат жетпейді. Нұротандықтар мәселені шешудің жолдарын ұсынды.

Гүлжан БЕКҚОЖАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мысалы олар Жилстрой банкке де ақша жинап жатыр үйге. Пәтерге де төлеп жатыр да, оларға қазір тығыз-таяң ақшалары жетіңкіремей тұр. Сол үшін қазір сіздер айтып жатқан 29 жасқа дейінгі бағдарлама бізге тиімді болар еді.

Нұротандықтар Әділет департаментінің қызметкерлерімен бірге  р мұрагерлікті рәсімдеу, заңды тұлғаларды тіркеу және алимент төлеу бойынша сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ,  тұрғындар сенім телефоны арқылы  да тегін заңгерлік кеңес ала алады.

Есенгелді ТАЛБИДИНОВ, АЛМАТЫ қ. МАСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жұмыстарыңыз болса, барлық сұрақтарға,  барлық мәселелерге 119 құқықтық қызмет көрсету ақпарат орталығы туралы өздеріңізге консультация ала аласыздар.    


А. Базарбай