Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Бас мүфти "қара жұма" атауын өзгертуді ұсынды

AstanaTV
26.11.2021ж. 20:00
1618
Бас мүфти "қара жұма" атауын өзгертуді ұсынды

"Қара жұманы" "жомарт жұма" деп өзгерту керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге осындай ұсыныс айтты. Айтуынша, "жұма" сөзі дініміз бен дәстүрімізде қасиетті, қастерлі ұғым.  

Наурызбай Қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ. БАС МҮФТИ:

«Жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді.

А. Данияр