Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Президент Бельгияда келіссөздер жасасты

AstanaTV
26.11.2021ж. 20:00
949
Президент Бельгияда келіссөздер жасасты

Бельгияға ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филиппен, премьер-министр Александр Де Кроомен   кездесіп, келіссөздер жүргізді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық өзекті проблемалар жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев QazBioPharm ұлттық холдингі мен жақында құрылған бельгиялық биофармацевтикалық платформа арасында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.  Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельмен жүздесу барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен перспективалары сөз болды. Сондай-ақ, Президент Брюссельдегі еуропалық компания басшыларымен кездесті.  Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қолға алынған инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанына жоғары баға беріп, олардың Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елімізде жұмыс істейтін компаниялар жобаларының жүзеге асырылу барысын өз бақылауына алатынын айтты. Бұл ретте барлық экологиялық нормативтер мен нұсқаулардың сақталуы қажет екенін жеткізді.

Д. Жарқынбек