Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Павлодарда өндірістік орындардан шығатын қалдықтардың көлемі тым жоғары

AstanaTV
26.11.2021ж. 20:00
1790
Павлодарда өндірістік орындардан шығатын қалдықтардың көлемі тым жоғары

Павлодар облысында өндірістік орындардан шығатын қалдық  көп. Осы және өзге де экологиялық мәселелер «Nur Otan» партиясының  өңірлік экология кеңесінде  талқыланды. Экологтар биыл өндірістік қалдық көлемін 4 мың тоннаға азайтқан. Бірақ бұл  өндірісті өңір үшін аз. Партияның өңірлік жол картасы аясында   қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтар көлемін 680 мың тоннаға   азайту  жоспарланып отыр. Қазір аймақта 800-ден астам ірілі ұсақты кәсіпорын бар.
 
Ирина ЧИДУНЧИ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ЭКОЛОГИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар   шаралар қарастырды. Зауыттардан шығатын қалдықтардың қоршаған ортаға зиянын азайтып, кәсіпорындардың санитарлық аумақтарын көгалдандандыруын бақылауға алды. Өңірде шешілмеген сұрақтарды республика деңгейінде шешетін боламыз. Павлодар облысы өндірістік аймақ болғандықтан, экология мәселесі өзекті.

Ө. Қуанар