$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Таразда экс- шенеунік адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

AstanaTV
29.11.2021ж. 20:00
2185
Таразда экс- шенеунік адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Таразда қала әкімдігінің қызметкері адам қағып, қашып кеткен. Оқиға болған жерде көз жұмған  азаматтың жақындары күдіктінің әлі бостандықта жүргеніне ашулы. Әділдік іздеген отбасы Президенттен көмек сұрап, әлеуметтік желіде жазба жариялады.  Бұл туралы толығырақ тілшіміз Берік Жұмабай айтады.

Қайғылы оқиға осы айдың 23 күні болған. Марқұм, Мейірбек Уалиханов жақында ғана 18 ге толған екен. Әкесі оған "бізге қолғабыс болсын" деп көлік алып беріпті.  Алайда оны   жол үстінде бұзылып тұрған көлігімен қоса қағып, мерт қылған. Күдікті  қашып кеткен. Бұл оқиға көше камерасына түсіп қалса да полицейлер күдіктіні әлі таппай отырғанына марқұмның  ет жақындары қатты қынжылады.

Уәлихан ШАМКЕНОВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

18 ге толды, папа машина әперші мен де сіз ұқсап, жұмыс істеп көмектесейін. Шешемді жұмыстан алып кетейін. Анашым, анашым деп жүгіріп жүрген балапаным еді ғой. Балапаным!

Гаухан Қапбарбекова, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Қағып сол жерден қашып кеткен. Ол не үшін қашады. Значить -ол мас. Тағы ол әлі ұсталмай жатыр. Біз таппай жатырмыз. Неге ол? Қазір тауық, ит қағып кетседе сразу тауып аладығой. Неге ол ит емес, басқа емес адам қағып тұрғой ол.


Туыстарының айтуынша, баланы қаққан-шенеунік. Сондықтан  бұл істе  бір шикілік бар дейді. Себебі, төрт күн бойы табылмай жатыр деп жауап қатқан тәртіп сақшылары анасының Президентке жолдаған бейне үндеуден кейін  табан асты күдіктінің   табылғанын хабарлағанын айтады.   

Асылхан ЗАУЫРБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


28 жастағы күдікті анықталып ұсталды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Жол көлік оқиғасына қатысы бар деп қамауға алынған  күдікті туралы басқа ақпарат жоқ. Ал жауаптылар оның әкімдік қызметкері болғанын растап отыр. Бірақ  биыл белгісіз себептермен    жұмыстан кеткені туралы жазбаша ақпарат берді.    

Б. Жұмабайұлы