Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Доллардың құны ешқашан төмендемейді, - экономист

AstanaTV
29.11.2021ж. 20:00
1587
Доллардың құны ешқашан төмендемейді, - экономист

Теңге құны тағы да төмендеді. Ұлттық валютаның әлсіреуіне коронавирустың жаңа штамы себеп болуы мүмкін. Бұл аздай мұнай бағасы кейбір елдерде күрт арзандап кеткен. Бұған қатысты сарапшылар не дейді? Экономиканың болашағы не болмақ? Әріптесім Асылбек Данияр анықтауға тырысты.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

COVID-19-дың "Омикрон" штаммы өте қауіпті және оған вакциналар төтеп бере алмауы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы мәлімдемесінен кейін бірнеше елдің экономикасы құлдырай бастады. Тіпті, әуе қатынасын тоқтатуға мәжбүр болды.


Десе де, вирустың салдарынан әлемде 2 бірдей мұнай маркасының құны 5 жарым процентке өскен. Ал, жалпы мұнайдың құны жұма күнгі мәлімет бойынша 11-13 процентке төмендеген. Бұл тенденция әлемдік сарапшыларды да алаңдатып отыр, дейді Ұлттық банк өкілі.

Мұхтар ОРМАН, ҚҰБ МОНЕТАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мұнай бағасы Украинада айтарлықтай төмендеген.  Қараша айының қорытындысымен есептесек, 4-6 процентке дейін түскен. Ал, АҚШ доллары 2,1 процентке дейін өсті. Мұнай бағасының өсуіне байланысты 2 желтоқсанда сарапшылар жиналып, арнайы жиын өткізеді. Бұған коронавирустың жаңа түрі әсер етті ме, жоқ па сол кезде айқын болады.


Әлемдегі жайсыз жағдайға қарамастан АҚШ долларының өсуі жалғасуда. Елдің ақша айырбастау бекеттерінде 1 доллардың сату бағасы - 438 теңге. Экономист Жангелді Шымшықов тыныш заманда да құлдырамаған Америка валютасы алдағы уақытта да нығая түсетінін жеткізді.

Жангелді ШЫМШЫҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Ұсақ-түйек бір өтпелі кезеңдер болған кезде мүмкін доллар да құнсыздануы мүмкін. Бірақ, түбегейлі дүниежүзінің ақшасы болып тұрған ұлттық валютасын олар ешқашан да құнсыздандыра алмайды.

Сарапшының айтуынша, доллардың өсуіне коронавирустың жаңа түрі себеп бола алмайды. Ол - жай сылтау. Ал, мұнай бағасы алдағы уақытта тағы да қымбаттағанымен қайта төмендеуі бек мүмкін дейді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Ал Ұлттық банк өкілдері, теңгенің әлсіреуіне тек жаңа штаммның пайда болуы ықпал етіп отырғанын айтады. Бұдан бөлек бұл жайсыздық, Ресей рублінің де төмендеуіне әсер еткен.


А. Данияр