Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылорда облысында мектеп салуға бөлінген қаржы бюджетке қайтарылды

AstanaTV
29.11.2021ж. 20:00
4224
Қызылорда облысында мектеп салуға бөлінген қаржы бюджетке қайтарылды

Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылының балалары  мектепсіз қалды.  900 орындық мектеп  құрылысына бөлінген қаржы республикалық бюджетке қайтарылды. Ал елдімекен тұрғындары бұған наразы. Себебі, ауылға жаңа білім ошағы  өте қажет дейді олар.  

Қызылжарма ауылдық округіндегі 1200 орындық жалғыз мектеп бар. Онда қазір  2700 бала білім алуда. Соңғы алты жылда  жыл сайын 12 сынып қосылатын көрінеді. Сондықтан кабинет жетіспейді дейді оқушылар.

Ділнәз ҚАЛЫҚБЕК, С.ӘЛЖІКОВ АТЫНДАҒЫ №144 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:

Түстен кейінгі дайындықтарға кабинет жеткіліксіз, көптеген қосымша уақыттарда актовый зал, психология кабинеттерде сабақ оқып жүрміз.

Ата-аналар да  бөлінген қаржының неге кері қайтарылғанын білмей дал.Балалар ауылдың ана шетінен мына шетіне бір, бір жарым шақырым жаяу қатынайды дейді. Үлкен елдімекенге бір мектеп аз екенін айтады.

Айдана АЗАМАТҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына оқушылардың мектептердің көптігіне байланысты, сабаққа үлгермеуіне байланысты. Енді не үшін кері қарай қайтарылып, мектепті салуды тоқтатқаны жұмбақ болып тұр.

Қазір бұл мәселе әлеуметтік желіде де  кеңінен талқыланып жатыр. Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бұрын дәл осы аумақтан депутат боп сайланған. Оның айтуынша, ауылға жаңа мектеп салу мәселесі бес жылдан бері көтеріліп келеді. Ғимараттың жобалық-сметалық құжаттары  да дайын дейді.  

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


2018 жылдан бастап қаражат бөліне бастады, жобалық құжат-сараптамасына. 2018 жылы ақпан айында 10 млн, 2019 жылы 2,3 млн-дай 2020-да 1,8 млн. Жалпы сомма, 14 млн қаражат бөлінді бұған. Биыл 2021 жылы қаражат бөлінді, мектеп құрылысы басталады деген.  


Ал бұған жауапты облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының берер жауабы мынадай:  

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ:

2020 жылы облыс инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуына 26,7 млрд. теңгеге алды. 15 жылда бұл қаражаттардың қайтарылымы 45,9 млрд. теңге болады. Ағымдағы жылдың 16 қыркүйекте жобадан бас тарту туралы хат ведомствоаралық комиссияның қарауына жолданып, қолдау тапты.

Яғни,  құрылыстың қашан басталатыны белгісіз.  Ал балалардың үш ауысымдық мектепте оқудан басқа амалы жоқ.

Ә. Дүкембаева