Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астана үйлерінде 15 шаршы метрге 1 адамның ғана ресми тіркелуіне рұқсат етілмек

AstanaTV
17.06.2016ж. 20:00
2824
Астана үйлерінде 15 шаршы метрге 1 адамның ғана ресми тіркелуіне рұқсат етілмек

Астана пәтерлерінде 15 шаршы метрге 1 адамның ғана ресми тіркелуіне рұқсат етілмек. Бас шаһардың миграциялық ісіне жауаптылар тіркеу заңнамасына осындай өзгерту енгізгелі отыр. Бұл туралы бүгін арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Астана қалалық көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Еркін Шомбинов жеткізді. Әзірге заңнама қалалық маслихат талқысына өткізіліпті.

Еске салсақ, апта басында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тіркеуге тұру ісінің тым бейберекет кеткенін және елде «резеңке пәтердердің» қаптағанын айтқан еді. Тіпті бас полицей дерегінше, бір үйге 200-300 адамнан тіркелгендер де болыпты. Сондықтан енді пәтеріне көп адам тіркегендерге де жаза қатайтылуы мүмкін. Бүгінде Астанада ресми 857 480 адам тіркеуде тұр. Қазір 15 шаршы метрге 1 адамды тіркеу талабы Алматыда ғана бар.

Еркін Шомбинов, Астана қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары:

Бір адам басына мөлшері 15 шаршы метр. Құқығы бар тұруға. Біз әкімшілікке ұсыныс бердік, қазір ол қарауда. Шешімі шығуы керек жақын арады. Ең көбі бір пәтерде 140 адам тіркелген болған.

Тіркеу мәселесінің көлеңкелі тұстары қандай еді? Талаптары мен қағидаттары енді нендей болмақ? Бұл жайында ертең «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан толыққанды көре аласыздар. 20:00-де «Астана» арнасы қосулы болсын!


Құралай ПИОНЕР