$510.08 €539.61 ₽5.15
×

Қызылордада жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды

AstanaTV
30.11.2021ж. 20:00
2237
Қызылордада жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды

Қызылорда қаласында жедел жәрдем қызметкерлері наразылыққа шықты. Олар 103 -тің  қоңырауларын  қабылдауға көшкен 112 қызметі біздің жұмысымызға нұқсан келтіруде  дейді. Себебі  онда    медицина саласына түк қатысы жоқ адамдар отырғанын айтады.   

Ләззат МЕДЕТОВА, ОПЕРАТИВТІ БӨЛІМНІҢ АҒА ДӘРІГЕРІ:

МАИ қызметкерлерінен зейнетке шыққан,отставкаға шыққан. Жүргізушілер бар, және 4 жыл мед.колледж оқыған қолында дипломы бар бірақ маман сертификаты жоқ науқаспен жұмыс жасамаған, науқас қабылдап көрмеген кісілер шақырыс қабылдап отыр.
 
Алмат ДӘДЕНҰЛЫ, БАС ДӘРІГЕР:

Медициналық білімі болмай жедел-жәрдем жұмыстарына араласып, білім болмағаннан кейін кемшіліктер болып жатқаны бар. Жедел-жәрдем қызметіне нұқсан келтіріп жатқаны да бар.


Ал бұған жауапты басшы   мәселенің   рас екенін айтады.  Зейнетке шыққан  мамандарды қызметке алудың өзіндік себебі бар дейді.

Оңдасын ӨТЕПБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

102 саласынан яғни полиция саласынан зейнетке шыққандарын қабылдағанбыз өйткені, бізде 112 қызметінде 101,102,103 қоңырауларын қабылдаймыз. 2021 жылдан бастап  осы біздің мекемеге 112 қызметі беріліп, бірыңғай кезекші диспетчер беріліп, қоңырауларды қабылдап, өңдеп осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеміз.

Ә. Дүкембаева