«Қазақалтын» компаниясы шахталарының бірінен
дау шықты. Ақмола облысы Степногор қаласы маңында алтын өндірумен айналысатын
алып компанияның қарауылы мен жұмыскерлері жанжалдасқан. Нәтижесінде 10 адам
зардап шекті. Оқиға кеше кешкілік болған. Ішкі істер министрлігінің өкілдері
шахта жұмысшылары мен күзетшілер жұдырықтасып қалған деп отыр.
Алмас
Садубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:
Жанжалдасқан
адамдармен әкімдік басшылығы және қала прокуратурасының, облыстық ІІД бастығы
кездесті. Жағдайды шешу үшін дөңгелек
үстел басында кездесуді ұйғарылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-ші «Бұзақылық»
туралы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алайда
Бөстөбе ауылы әкімдігінің өкілдері зардап шеккендер саны 14 адам деп отыр. Оның
үшеуі ауруханаға жеткізілген деген ақпарат бар. Олардың арасында заңсыз алтын
іздеушілер де бар көрінеді. Компания күзетшілері ауысым соңында жоғарыға
көтерілген жұмысшылар арасында заңсыз алтын іздеушілер бар екенін анықтаған.
Жанжал дәл сол кезде туындаған сыңайлы. Мән-жайды білмек болып «Қазақалтын»
компаниясына қоңырау шалған едік. Бірақ бірде-бір байланыс нөмірі жауап
бермеді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ