Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қарағандылық хирургтар 2 жарым жасар балаға ерекше операция жасады

AstanaTV
02.12.2021ж. 20:00
2145
Қарағандылық хирургтар 2 жарым жасар балаға ерекше операция жасады

Қарағандылық хирургтер ортан жілігінің басы шығып кеткен 2 жарым жастағы балаға ерекше операция жасады. Отандық ортопедтер Израильдік маманның тәжірибесін, тұңғыш рет жүзеге асырды. Мамандар, Қазақстанда жыл сайын дүниеге келетін мың сәбидің 10-15 – і осы отаға мұқтаж екенін айтады. Израильде құны 20 мың доллар тұратын операция қарағандылық бүлдіршінге тегін жасалды. Туғанда ортан жілігінің басы шығып кеткен бала аяғын дұрыс баса алмаған. 3-4 сағатқа созылған отада ақауды өте дәл өлшейтін арнайы виртуальды бекіткіш техника мен батыс дәрігерлерінің тәсілдері қолданылды.   

Марк ЭЙДЕЛЬМАН, ИЗРАИЛЬДЕГІ РАМБАМ ЕМХАНАСЫ БАЛАЛАР ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Менің көрсеткен тәсілім бұл емханада бұрын қолданылмаған. Отаның батыс тәжірибесіндегі ерекшеліктерін, сиқырын көрсеттім десем болады. Онымен қоса ақауды дәрігер емес ішке бекітілетін виртуальды компьютер есептейді. Оның дәлдігі әрине жоғары.

Елімізде ұршықтың шығуы, жамбас, ортан жілік ақауларымен ай сайын кем дегенде 2 балаға ота жасалады. Оның үстіне сынықшы жағалайтын ата- ана көп, сондықтан көбіне ауру асқынған соң  ғана дәрігерге келетін көрінеді.  
      
Ольга ШУБИНА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Дәрігерлер бізді шақырып рұқсатымызды сұрады. Біз қуана келістік. Ондай мүмкіндік сирек кездеседі. алғашқы ота сәтті өтті, баламыз сауығып кетеді дегенге сенеміз.

А. Қуаш