Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізде 14 мыңнан астам сотталушы рақымшылыққа ілінеді

AstanaTV
02.12.2021ж. 20:00
1656
Елімізде 14 мыңнан астам сотталушы рақымшылыққа ілінеді

Биыл 14 мыңнан астам сотталушы рақымшылыққа ілінеді. Оның бір мыңы бостандыққа шығады. Заң жобасын сенаторлар мақұлдады. Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев рақымшылық кімдерге жасалатынын нақтылады. Яғни ауырлығы орташа, онша ауыр емес қылмыс жасап, қамалғандар ілікпек. Жалпы елімізде темір торға тоғытылған 34 мың адам бар.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біріншіден 1 мың адам қамаудан бостандыққа шығады. 3 881 адам пробациялық бақылаудан босатылады. Екіншіден 1 330 сотталушыға, 7 492 пробацияда тұрған адамға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады.

Сондай-ақ рақымшылыққа ілінгендердің қатарында, шетелде сотты болып, жазасын бізде өтеп жатқан бір сотталушы да бар. Жалпы шеттен экстрадицияланған 35 азамат бар. Олардың 31-і Ресей Федерациясында, екеуі Қырғызстанда, қалған екеуі Беларусь мемлекетінде сотталған. Айта кетейік, аса ауыр қылмыс жасап 52 жасөспірім колонияда отыр. Олар амнистияға ілікпейді.

Б. Сатуов