Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Мас күйінде жол апатын жасаған полицей қамауға алынды

AstanaTV
02.12.2021ж. 20:00
1709
Мас күйінде жол апатын жасаған полицей қамауға алынды

Мас күйінде жол апатына түсіп, адам өліміне себепші болған батысқазақстандық полицей қамауға алынды. Аймақтағы полиция департаментінің дерегінше, ол жеке көлігімен "Орал-Тасқала" жолында апатқа түскен. Соққының ауыр болғаны соншалық, бір жолаушы қаза тауып, екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліпті. Көлікте болған алты айлық сәбидің екі аяғы сынып, дәрігерлер оның өкшесін кесуге мәжбүр болған. Полицей қызметінен қуылмақ. Сонымен қатар, қызметтік тексеру жүргізіліп, оның тікелей бастықтарына да қатаң жаза қолданылуы мүмкін. Қазір бұл істі облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған.

Болатбек НҰРҒОЖИН, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция қызметкері ауылдық полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымында. 20 жылдан астам қызмет жасайды, полиция подполковнигі. Медициналық куәландыруға сәйкес, жеңіл түрдегі алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды. Сол себепті қамауға алынып, сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта осы істің шеңберінде кімнің кінәлі екендігі анықталатын болады.

Е. Карин