Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы облысында алты бірдей отбасы өрттің салдарынан далада қалды

AstanaTV
02.12.2021ж. 20:00
1360
Алматы облысында алты бірдей отбасы өрттің салдарынан далада қалды

Алматы облысында алты бірдей отбасы, өрттің салдарынан далада қалды. Әп- сәтте баспанасынан айрылғандар құжаттарын да алып үлгермеген. Ескі үйде жалпы саны 34 адам тұрған. Күннің суығында көрші, туысты жағалауға мәжбүр болғандармен тілшіміз Әсем Лесбек тілдесіп қайтты.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Қызыл жалын кешкі сағат 6-лар шамасында мына барак үлгісінде салынған пәтерде тұтанған. Қою қара түтін бірден жоғарыға көтеріліп, от көршілес пәтерлерді шарпыған.

Сөйтіп сегіз пәтерлі үйдің алтауы күлгі айналған. Жиһаз, киім-кешек түгел жанған. Кейбірі құжаттарын да алып үлгермеген. Жалын кезінде Айнұр Шоқыбаева үйінде болмаған. Өрт жайлы естігенде абдырап қалдым дейді.

Айнұр ШОҚЫБАЕВА, ТӨҢКЕРІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Напряжение қатты берген мына жердегі столбтан сонымен осы жерде пайда болған. Балалар қашып шыққан атылғаннан кейін. Екі бөлмелі үйім. Барачный тип деп айтытын шығар елдер енді. Жаман болсын жақсы болсын өзім үйім. Бәрі жанып кетті.


Баспана тым ескі. 1952 жылы салынған. Бірақ мұндай 34 адам тұрып келген. Көбі зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар. Үйсіз қалғандардың кейбірі туған-туысты жағаласа, енді бірінің барар жері жоқ. Әкімдік уақытша паналауға берген жер, жайсыз болып тұр дейді.  

Асылбек МҰСАҒҰЛОВ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Баратын жерім жоқ. Бірақ олар берді.  Адам тұра алмайтын жер. Ауылдан 2 км жалғыз үй, фазенда. Сосын мына ауылдың ішінде бар. Ол 2 этаждық. Астында пекарня. Үстінде общяга сияқты. 1 комнат. Оның не туалеті жоқ, суы жоқ, отты қалай жағасын.


Алдын ала жасалған болжам бойынша қызыл жалын электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан. Тұрғындар бұған дейін әкімдікке бағандар мен желілердің ескіргенін айтып талай барғандарын айтты. Бірақ құлақ асар шенеунік табылмады дейді.  

Жасұлан ЖАМАНБОЛАЕВ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осындай барак үйлер 4-5 еу бар. Солардың сымдарының барлығы бұрынғы совет үкіметінен келе жатқан сымдар. Соларды ауыстырса мұндай жағдай болмас еді.


Еділ МҰСАҒҰЛОВ, ТӨҢКЕРІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің осы Төңкеріс ауылының тоқ беретін трансформаторы ескі, оған қанша жыл болды. Біз арыз шағым жазғанбыз. Бірақ оны қабылдамады. Енді міне өздеріңіз көргендей өрт болды. Сегіз отбасы далада қалды қазір.


Округ әкімі болса, ауылдағы бағандар мен сымдардан қауіп жоқ деп отыр. Баспанасынан айрылғандарға жаңадан салып беру мәселесін де ашып айта алмады.

Серік ШАЛОВ, ТАЛҒАР АУДАНЫ ПАНФИЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Үй салу мәселесі өрт сөндірушілердің не себептен өртенген себебін анықтап қорытындысы шыққаннан кейін бір шешімге келеді. Үй салып бере ма жоқ басқа жерден үй алып бере ма қорытындыдан кейін анықталатын болады.

Тұрғындар шенділерден көмек боларына күмәнмен қарайды. Сондықтан олар қайырымды жандардан әлеуметтік желі арқаылы көмек сұрауды бастап кетті.  

Ә. Лесбек