Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Экономикаға қосымша 240 млрд теңге құйылады, Петербург экономикалық форумынан...

AstanaTV
18.06.2016ж. 20:00
1549
 Экономикаға қосымша 240 млрд теңге құйылады, Петербург экономикалық форумынан...

Маусымның 14-де Ақ ордада өткен жиналыста экономикаға қосымша 240 млрд теңге құйылатыны айтылды. «Үнемделген» ақша көрінеді. Нақты неден үнемделген, белгісіз. Ақтөбедегі жағдай жарты жылдықты сәл ертерек қорытындылауға, жоспарларға түүзетулер енгізуге итермелегендей. Жоғары атқарушы билік жағдайды бақылап отырғандарын жалпы бұқараға ғана емес, сыртқы аудитория үшін де айтқысы келеді. Ақ Ордадан кейін Үкіметте өткен жиналыста Премьер-министр Кәрім Мәсімов «бірқатар шетелдік инвесторлар Қазақстандағы ахуалға және ішкі инвестициялардың сақталуына алаңдап қалды»,- деді. Кейбір сарапшылар инвесторлардың алаңдап қалғаны Ақтөбедегі оқиғаларға ғана емес, экономикадағы минустарға да  байланысты,- дейді. Ал инвестициялар ауадай қажет бізге ЖІӨ тоқырауын тоқтату керек.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

155 млрд ШОБ қолдау көрсету. Несиелердің құны 8 пайыздан аспайтын болады. Ол біздің шағын бизнеске өте маңызды көмекті көрсететін болады. Екінші бағыт, 90 млрд теңге инфрақұрылымдық бағдарламаларға қосымша ақша бөлінетін болады. Бөлінген қаражат инфраструктура жағынан ауылдардың қазіргі инфрақұрылымын дамыту үшін және жеке құрылыс учаскілерде инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Ол біздің халықты өте қызықтыратын мәселе.

Сарапшылар мұнай бағасының 50 пайызға қайта өсуі жалғасатын болса немесе осы бағам сақталатын болса ЖІӨ-ді «жасыл зонаға» шығаруға болатынын айтады. Сонымен бірге үкіметтің сынақтан өткен, қолмен реттелетін 2 әдісті қолдануға кіріскенін байқайды:

1. Жоспарланғандай 74 млн тонна емес, 75 млн тонна мұнай өндіру тапсырмасы берілді. Мұнай компанияларының барлығы атсалысса, әжептәуір тонна жиналатыны рас. Бірақ миллион тонна...Ал алдағы қазанда Қашаған кенішінде өндірісті бастау бұйрығына келсек, «қазан айында вентиль символдық тұрғыдан айналдырылады, ал өндіріс көлемі мен рентабельдігі басқа мәселе», - дейді мамандар.

2. Жаңа Ұлттық экономика министрі айтқандай, 240 млрд теңге шикізат емес салаларға бөлінеді.

Осы қадамдардың арқасында өсім қосымша 0,4 пайызға артады,- дейді үкімет. Былтырғы ЖІӨ 40 трлн 878 млрд теңгені құраған. Экономист Тимур Исаев, «Форбс.кз» порталындағы мақаласында «мұның бәрі экономикалық өсімге жетудің үлгісі/моделі жоқтығын жасыра алмайды. Бұл мәселені шешуге тіпті жақындаған да жоқпыз. Тіпті талдап бастаған жоқпыз. Ол мақсат (тұрақты өсудің үлгісі) «қолмен реттелетін» әдістердің артқы фонында тұр»,- деп жазды... Бұл пікірмен тура барып жанасатын тағы мынадай пікір. Осы аптада Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өткен. Сонда Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин былай деген:

«Шынымды айтсам, ұлттық валютаның /рубль/екі еседен артық құлдырауы экономикалық билік үшін масқара, ел үшін де. Бұл, елде бизнес үшін тұрақты шарттар жасауға болмайтынын көрсетеді. Технологиялар импорттауға да, экспорт жасауға да».

«Пісіп тұрған экономикалық реформаларды бастау үшін тиісті институттар құру керек. Мұны мен лоцманның жұмысымен теңестірер едім, кемені рифтердің арасымен алып жүретін. Ол үшін навигация жүйесі – мемлекеттік басқарудың жүйесі керек. Бүгінгіден әлдеқайда тиімді», - деді Кудрин.

Алексей Кудрин, Азаматтық инициативалар комитетінің төрағасы:

Я бы сравнил их работу с работой лоцмана, который ведет корабль между рифами, а для этого нужна система навигации — система государственного управления, существенно более эффективная, чем сегодня.

Ол бір реттік шешімдер - суперұшақ немесе iPhone сияқты телефон шығару ресей экономикасын көтеруге көмектеспейтінін айтты... 

 Ресей президенті В.Путин болса көп мәлімдеме жасады. Мысалы, өзара санкциялардан Еуропа мен Ресейдің зардап шегіп отырғанын,  ал Құрама Штаттар үшін эффектісі нөл екенін айтып, "еуропалықтар неге көнеді, түсінбеймін, қаласа, көне берсін", деді. Ол сондай-ақ, АҚШ президенті сайлауына республикашылдар партиясынан түсуге үмітті және шансы мол Дональд Трампты "жарқын адам" деп сипаттады. Ал Трамп " президент болып сайлансам, Ресеймен қарым-қатынастарды толығымен қалпына келтіремін деп мәлімдеген еді.

Тағы бір назар аударатын мәлімдеме  -  В.Путин Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытайдың жан-жақты сауда-экономикалық серіктестікті бастайтынын хабарлады.

Форумға Қазақстан президенті Н.Назарбаев та қатысқан. Ол да санкциялар соғысының пайдасы жоқтығын айтты.

«Меніңше, саяси конъюнктураның кез келген көрінісінен экономикалық  прагматизмнің айқын басымдылығы маңызды болуы тиіс. Экономикалық саясатты, өңірлік және жаһандық амбициялардың «өгей баласына» айналдырғысы келетін ахуал қалыптастыру, меніңше, ХХІ ғасырда табиғи заңдылыққа қайшы. Бір-біріне қарсы санкциялар салу мысалынан біз бұған айқын көз жеткізіп отырмыз. Бұл жаһандық экономиканың дамуын айтарлықтай  қиындатады, олардың заңына бағынбайтындай көрінетін  дамушы нарықтарға теріс әсерін тигізеді»,- деді Президент.

Тағы бір  мәлімдемесі: "Қазақстан экономикадағы мемлекет үлесін 15 пайызға дейін азайтады".