Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шегірткені жою үшін шамадан тыс дәрі себу адам денсаулығына зиян

AstanaTV
17.06.2016ж. 20:00
2075
Шегірткені жою үшін шамадан тыс дәрі себу адам денсаулығына зиян

Оңтүстік Қазақстан облысында дихандардың дегбірін қашырған шегірткелерді түбегейлі жойып жіберу үшін уды мөлшерден артық шашу керек. Бірақ ол адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл туралы аумақтық инспекция мамандары айтты.

Темірхан Елғонов, ОҚО аумақтық инспекциясы өсімдік қорғау бөлімінің басшысы:

Барлық шегірткені құртып жіберетін болсақ, барлық алқаптарға пестицидтермен өңдеу жұмыстары жүргізілу керек. Ол облысымыздағы адам денсаулықтарына өте үлкен зиянын тигізеді. Әсіресе гепатит, бүйрек, бауыр аурулары көбейіп кетеді соның салдарынан, біз тек қана жаңағыдай 1 шаршы метрге 5 данадан асқан жерлерін ғана химиялық өңдеу жүргіздік.

Бір шаршы метр аумақта шегірткенің дернәсілдері бес данадан асқан жағдайда ғана у шашылады. Енді қосымша химиялық өңдеуді қажет ететін 16,5 мың гектар жер дәріленібек. Мамандар бұл жұмыс 2-3 күнде аяқталады деп отыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ