Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда көпқабатты үйлердің ауласында ұсақ құрылыстар қаптап кетті

AstanaTV
06.12.2021ж. 20:00
1257
Павлодарда көпқабатты үйлердің ауласында ұсақ құрылыстар қаптап кетті

Павлодар қаласы, қазір шағын құрылыстардың алаңына айналды. Көпқабатты үйлердің ауласында, орын қалмаған.  Іркес-тіркес иін тірескен құрылыстар қаптап кетті. Ал оның сапасын тексеріп жатқан жан жоқ. Жекеменшік компаниялар  үй салуда тәжірбиесі болмаса да, баспаналар тұрғызуға көшкен. Биыл жазда олар салған жаңа тұрғын үйдің төбесі опырылып түсіп, 5 адам жарақат алған еді. Нүктелі құрылыстың сапасын кім тексереді? Әріптесім Өзгеріс Қуанар жауап іздеді.  

Қалада шағын құрылыстан аяқ алу қиындап барады. Көпқабатты тұрғын үйлердің тіпті ауласындағы көлік тұрағы мен балалардың ойын алаңына да элиткалық үйлер салына бастаған.  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Мәселен,  мына құрылыс автотұрақтың орнына салынуда. Нысанының құжатында  жатақхана деп көрсетілген. Алайда, шын мәнінде мұнда 4 қабаттан тұратын элиталы тұрғын үй бой көтеріп жатыр.

Ал бұл жерге үй салуға қала әкімдігі рұқсат беріпті. Ең сорақысы тұрғын үй ауласындағы автотұраққа құрылыс жүргізуге ешкім тұрғындардан рұқсат алмаған. Жергілікті халық нысан аумағы қоршалып, техникалардың дүбірі шыққанда ғана білгендерін айтады. Соның кесірінен көпқабатты үй жылуға да жарымай отырмыз – дейді.

Жеке үйлердің ауласына салынып жатқан бұл нысанның ешқандай құжаты да көрсетілмеген. Бірақ, сыртқы көрінісі элиткалық үйге ұқсайды. Элиталы үй демекші, биыл жазда жаңадан салынып жатқан осындай құрылыстың  бірінің төбесі опырылып түсіп, 5 құрылысшы жарақат алды. Тексеру жүргізген құзырлы органдар бірқатар кемшілік тапқан. Қазір жаңа ғимарат бұзылып жатыр.

Арман БЕКБОСЫНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕРДІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бірінші жоба оларда. Жалпы опыт жоқ.  Осындай үйлер объектілер салмаған мердігер. Салынып жатқан үй бойынша нормативтік треванияларды бұзғандары бар.


Павлодарда қазір 50-ден астам  нүктелі құрылыс салынуда. Олардың сапасына тексеру жүргізуге жергілікті билік қауқарсыз. Өйткені, шағын және орта бизнесті тексеруге мараторий жарияланған. Ал бұл үйлердің Қарағандыдағы «Бесоба» секілді құлап кетпесіне ешкім кепілдік бермеді.

Ө. Қуанар