Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Өзге пікір»

AstanaTV
18.06.2016ж. 20:00
1445
«Өзге пікір»

 Қазір Марат Ерназарұлы жүргізетін «Өзге пікір» айдары.

Марат Ерназарұлы, жүргізуші: Ассалаумағалейкүм! 600-ге жуық Қазақстан азаматы терроризмді қаржыландырғандардың тізімінде жүр. Сәлден соң бәрін айтып беремін.

Ақмола облысының «Арман» балалар лагеріндегі оқушы қыздың өлімі жан түршіктірді. Жетінші сынып оқушысы Анна Маликованы демалысқа жіберген анасы, қызының мәйітін алды. Ол өзге балалармен аулада ойнап жүрген кезде, шыны есікке соғылып, оқушы жарақат алады. Кей деректер шыны қыздың бұғанасындағы күретамырын кесіп кеткен деп хабарлады. Ол Щучинскінің ауруханасына жеткізілгенше, жолда жан тапсырды. Анна Маликова тұрмыс деңгейі төмен отбасынан. Лагерде тегін демалып жатқан. Анасы үш баланы жалғыз бағып отыр. Біздегі жүйе «қойын алып, қорасын бекіткен» принципімен жұмыс істеп үйреніп қалған. Бұл жолы да қайғылы оқиғадан соң барлық балалар лагерлерінде тексеріс жүргізілмек. Білім және ғылым министрлігіндегілер жауаптылар жазасыз қалмайды деп сендірді. Бірақ, жалғыз басты ананың қолы қысқа, оның үстіне тұрмысы нашар болса, оқиға жылы жабылып қалуы да ғажап емес.

АНОНИМ: Ол есік санитарлық талаптарға сай салынбаған ғой. Ондай есікті орнатуға рұқсат бергендер жауапқа тартылсын. Лагерді қабылдап алу актісінде «барлығы талапқа сай» деп жазған болу керек. Осы ұрлық қашан тыйылады?

АНОНИМ: Бұғана артериясының қанын хирург қана тоқтата алады. Әйтпесе адам 30 секунд ішінде өліп кетеді. Ол жер бұрау/жгут салуға келмейді.

АНОНИМ: Дәрігерлер неге қанды тоқтата алмаған? Дәрігердің оқуын қалай оқыған? Ақшаға шығар! Лагердің дәрігері мен басшылығын қуу керек.

АНОНИМ: Барлық құрылыс материалдары Қытайдан келеді. Сапасы төмен. Мектептердегі есік, терезелерге қараңыздар, қорқынышты. Оларды қатты басып қалсаң болды, сынып кетеді.

АНОНИМ: Енді ғана бақылауға алып, тексергелі жатыр. Елдегі бақылаусыз шенеуніктер отырып алып, мәнсіз, мағынасыз есептерін дайындайды. Статистикалық сандарды әзірлеумен әлек болады. Не үшін? Ол сандарға ешкім сенбейді, халыққа сіздердің есептеріңіз керек жоқ. Лагерьлер мен білім басқармаларының басшылары «лагеріміз дайын, осынша бала қабылдай аламыз, осынша ақша керек» деп, есеп берумен шектеледі. 

600-ге жуық Қазақстан азаматы террористерге ақша беріп келген. Қаржы мониторингі комитеті терроршылар мен экстремистерді қаржыландырған адамдардың тізімін жариялады. Міне қараңыз: (тізімді артқы фонға шығару керек.) комитет лаңкестерге аямай қаржы құйғандардың атын атап, түрін түстеді. 584 адам мен «Джемма исламия» деген штаб пәтері Индонезияда орналасқан ұйым жүр тізімде. 18 бен 66 жас аралығындағы 584 адамның бәрі Қазақстан азаматтары. Ішінде қара көздер қаншама. 

AZALIA:

Салафиттер көп еді, енді одан сайын арта түседі. Сүниттер неге ұнамайды сіздерге? Біздің ата-бабаларымыз сүнит болды. Ал енді жастар ата-бабаларымыз шатасқан деп, исламның жаңа ағамын таңдап отыр ма? Саналарыңды кімнің ақшасы өзгерткен?

 

ZYRA: Бұл адамдар шынымен де қаржыландырса, олар неге әлі бостандықта жүр?

ҚОНАҚ: Көшпенділер ешқашан мұсылман болған емес. Көк Тәңіріне бағынды.

 

БАУЫРЖАНБЕК:

Бұл тізім неге негізделіп құрылған? Соттың шешімі бар ма? Әлде көктен алып құра салды ма? Бұл тізімнен нанын адал тауып жүрген қарапайым азаматтар тағы да өздерінің атын табады ғой деп ойлаймын.

ТРОЯН:

Оларды түрмеге отырғызса, тағы да сол жердегілерді тартады қатарларына. Оларды бөлек отырғызған дұрыс, ал қашамын дегендерді құртып жіберу керек.

 

ЗОСЯ:  Шевцова-Валованы террористер мен экстремистерді қаржыландырғандармен қалай байланыстыруға болады? Иә, оның ақылы аздау, дөрекі, адамдарды ұлтына қарап бөлетін ақымақтау әйел екені белгілі. Дегенмен, ол лаңкестерді қалай қаржыландырып отыр? Адамдарды мына тізімге қалай жинақтаған? Фейсбуктегі жазбаларына қарап па? Сотты болғанына қарап па? Тізімге енгендердің тағдыры не болады? Ал олармен араласып, көмек беремін дегендерді не күтіп тұр? 

Студияда жүргізуші: Татьяна Шевцова-Валованың есімі тізімде шынымен де жүр. Естеріңізде болса ол әлеуметтік желілерде қазақтарды балағаттап, ұлтараздық жанжал тудырғаны үшін сотқа тартылған аты шулы әйел. Енді террористерді қаржыландырғандардың қатарында жүр. «Қызық» сияқты...

Ал сіздер пікір білдіруден шаршамаңыз. «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!