Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / СҚО ит-мысықты аулауға бюджеттен 61 миллион теңге бөлінген

СҚО ит-мысықты аулауға бюджеттен 61 миллион теңге бөлінген

Солтүстік Қазақстан облысында қараусыз қалған ит-мысықты аулауға бюджеттен 61 миллион теңге бөлінді. Бұл жайында ветеринарлар мәлімдеп отыр. Сала мамандары биыл қаңғыбас үй жануарларының көбейгенін мәлімдеді. Сәйкесінше жұрттың үрейі де күшейді, дейді олар. Құзырлы органдар ұшы шыққан мәселені қалай шешпек? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин тарқатсын.

Ольга Лапшакова бірнеше жыл бұрын иттерге арналған орталық ашып, ондаған қаңғыбас жануарға пана болып жүр. Белсенді азамат соңғы уақытта итін тапсыруға ниеттілердің саны тым көбейгенін айтады. Ал орын тапшы болғандықтан, жануарларды шексіз қабылдауға қауқарсызбын, дейді.

Ольга ЛАПШАКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Менде екі приют бар. Онда 300-ге жуық итті асырап отырмыз. Олардың тамағын беру керек. Дер кезінде екпесін жасау қажет. Мұның барлығы қып қызыл шығын. Қосымша приют ашуға мүмкіндік жоқ.


Қалалық аурухана дәрігерлері де, ит қауып жарақат алғандар аз емес деп отыр. Жыл басынан бастап ақ халаттылардың көмегіне 400-ден астам адам жүгінген.

Валерий ГРИБАШЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Иттен зардап шеккен науқастардан ең алдымен қанның сараптамасы алынады. Құтыру ауруын тексереміз. Соңғы бірнеше жылда аймақта аталған дертке шалдыққан адамдар тіркелген жоқ. Жалпы, қаңғыбас иттерге шағымданушылар өте көп.


Аймақта жыл басынан бастап 15 мыңнан астам ит көшеден ұсталған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 61 миллион теңге бөлініпті. Сала мамандары қаңғып жүрген жануарлардың әсіресе қалада көбейгенін айтады.

Біржан ЖҰМАБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНЫҢ МАЛ ДӘРІГЕРІ:

3134 қаңғыбас ит пен мысық. Оның 2911 ит, 224 мысық. 30 процентке көбейіп отыр. Бұның себебі жеке сектордың үйлері бұзылып, жаңа үйлер салынып жатыр ғой. Олар иттерін арнайы орындарға өткізбейді. Тастап кетеді. Сосын олар көбейіп, балалап, қаланың ішінде өріп жүр.


Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Жыл басынан бастап мыңдаған қаңғыбас ит атылғанмен, облыс орталығы көше кезген жанунарлардан түгел арылды деп айтуға әлі ерте. Себебі, жергілікті билік қала бойынша тағы 700 жер үйді сырып тастауды көздеп отыр. Демек, жүздеген жануар қайтадан панасыз қалмақ.  

А. Құрманкин