$489.36 €533.45 ₽4.99
×

250 елді мекен су басудың қауіпті аймағында тұр

AstanaTV
06.12.2021ж. 20:00
1557
250 елді мекен су басудың қауіпті аймағында тұр

Көктемде су тасқыны болуы мүмкін.  250 елді-мекен  қауіпті аймақта тұр. Бұл туралы Мәжілістегі азаматтық қорғау жүйесіне қатысты Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді. Министрдің айтуынша, одан бөлек биыл жазда 405 адам суға кеткен, оның 134-і бала. Балалардың судағы өлімі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр дейді министр. Олардың өлімінің себептері - балаларды қараусыз қалдыру және жеткіншектердің бос уақытын ұйымдастыра алмауда.

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Шомылуға тыйым салынған орындарда тыйым салатын және ескерту белгілері орнатылады. Биыл еліміздің су айдындарында 405 адам, оның ішінде 134 бала қаза тапты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,1 % - ға төмен. Алайда балалар өлімінің өсуі 20,7% - ды құрады.


А. Базарбай