Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы Өзбекстан Президентін қабылдады

AstanaTV
06.12.2021ж. 20:00
1100
Елбасы Өзбекстан Президентін қабылдады

Елбасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан басшысын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бауырлас халықтың игілігі жолындағы жасампаз қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін екі ел басшылары қол қойған одақтастық қатынастар туралы декларацияға тоқталды. Бұл құжат - Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының жаңа парағын ашуда маңызды рөл атқаратынын айтты. Өз кезегінде Шавкат Мирзиеев Қазақстанның барлық жетістіктері Тұңғыш Президенттің салиқалы саясатының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестіктің қалыптасуы мен дамуына Елбасының қосқан елеулі үлесі зор екенін айтты.

Д. Жарқынбек