Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Royal Ascot – дәстүрге беріктік!

AstanaTV
18.06.2016ж. 20:00
1986
Royal Ascot – дәстүрге беріктік!

Royal Ascot – әлемдегі өте стильді ат жарысы. Ұлыбританияның аристократтары үшін басты мереке. Тарихы 300 жылдан асады. 1711 жылы Анна патшайымы бастаған. 5 күнге созылатын жарыс өтетін Беркшир графтығына қарайтын Эскот қаласына 300 мың адам барады. Бұл тек бәйгелер мен оларға тігілетін бәс ғана емес. Royal Ascot киім үлгілері, әсіресе шляпалардың демонстрациясы. Тіпті сонысымен танымал. Бикештер мен ханымдар «Оау» дегізетін шляпалар киіп келеді. Патшайым ең ерекше шляпа киіп келген ханымды өзі атайды. Бұл бір уақ сарай этикетінен шығып, әйгілі британ эксцентрикасына дем беру деп сипатталады.

Міне, бабалар дәстүріне беріктік! Тамыры терең, қурамайтын, опырылмайтын бәйтерек деп соны...соларды айт...

«Біздің уақытты» «astanatv.kz»сайтынан көріп, оқи аласыздар. Амандық болсын!