$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Коронавирустан құтылатын күн жақындап қалды, - вирусолог

AstanaTV
07.12.2021ж. 20:00
1689
Коронавирустан құтылатын күн жақындап қалды, - вирусолог

"Омикрон" штаммы қауіпті болып шықса Қазақстанда карантин жариялануы мүмкін. Елдің бас дәрігері Алексей Цой осындай мәлімдеме жасады. Індеттің жаңа түрі бойынша мәліметтер қолжетімді емес. Әзірге басқа елде вирус жұқтырып, ауырып жатқандар да асқыну байқалмаған. Мұны ресейлік вирусолог айтты. Айтпақшы ол осымен пандемия аяқталады деген болжам айтып отыр. Толығырақ әріптесім Асылбек Даниярдың материалында.

Коронавирустың "омикрон" штаммы бізде анықталған жоқ. Денсаулық сақтау министрі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтады. Шетелден келген әрбірін жіті қадағалауға алған. Егер олардан ПТР сынамасы арқылы коронавирус белгісі байқалса үй карантиніне жібермек.  

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Біз үнемі эпид. мониторинг жүргізіп отырамыз және секвенирлеу жұмыстарында жүзеге асырып жатырмыз. Шетелден барып коронавирус жұқтырып келген адамдардың сынамасы мұқият зерделенуде. Жақында бұл туралы мәліметтерді аламыз, сол кезде қосымша ақпараттармен бөлісеміз.

Танымал ресейлік вирусолог Петр Чумаков, "омикрон" штаммымен ауырып жазылғандардың, коронавируспен қайта ауырмауы мүмкін екенін айтады. Яғни ағзада төзімді антидене қалыптасады. Ал, профессор Альштейннің болжамы елді қуантары сөзсіз. Халық бөрігін аспанға лақтыратын күн алыс емес, дейді. COVID-19-дың бұл штаммымен пандемия аяқталады деп  болжайды.  

Анатолий АЛЬТШТЕЙН, ВИРУСОЛОГ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Егер вирус елге келіп, тез тарала бастаса, бұл пандемияның аяқталғанын білдіреді. Себебі бұл вирустың генетикалық тұрақсыздығына жеткізіп, оның нашарлауына әкеледі.

Қазір ел ішінде жағдай тұрақты. 12 қарашадан бері "Pfizer" екпесін ел бойынша 138 мыңға таяу адам салдырды. Олардың көпшілігі жасөспірімдер. Жүкті әйелдер мен емізулі аналардың арасында белсенділік байқалмайды.

Ақылы вакцина туралы министрлік ақпарат беруден тартынды. Алексей Цой "Pfizer" компаниясымен коммерциялық сегменттер бойынша келісімшарт қанша уақыт жүргізілетінін дөп басып айта алмады. Сондай-ақ, ол алдағы мереке күндері халық көп шоғырланатын орындарда санитарлық талаптарды сақтауды қатаң ескертеді.

А. Данияр