$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбедегі емхана медбикесі 67 адамға жалған вакцина құжатын жасаған

AstanaTV
07.12.2021ж. 20:00
1523
Ақтөбедегі емхана медбикесі 67 адамға жалған вакцина құжатын жасаған

Ақтөбеде емхана медбикесі 67 адамға жалған вакцина құжатын жасаған. Сөйтіп миллион теңгеден аса табыс тапқан.  Мұны полиция анықтап, күдіктіні ұстапты. Медбике өзінің қызметін пайдаланған. Өтінішпен келгендерді арнайы ақпараттық жүйеде коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың тізіміне қосып, тіркеген. Ал, олар шын мәнінде екпе алмаған болып шықты. Медицина қызметкері қай емханада жұмыс істегенін полиция ашып айтудан бас тартты.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 
Тергеу барысында медбике әрбір жалған құжат үшін әр адамнан 15 мың теңге сомасында ақшалай сыйақы алғанын айтқан. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 385-ші баланың 2-бөлігі «Жалған құжат өткізу» және ҚР ҚК 247-ші бабы, 1-2 бөлігі «Заңсыз сыйақы алу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, сотқа жолданды.

Г. Сейтенова