Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматылық суретші жаңа техника арқылы атақты тұлғаларды бейнелеп шықты

AstanaTV
07.12.2021ж. 20:00
2620
Алматылық суретші жаңа техника арқылы атақты тұлғаларды бейнелеп шықты

Алматылық бойжеткен "Алаш" қайраткерлерінің портретін, үш қарандашпен бір мезетте салып, жұртты таңқалдырды.

27 жастағы Әсел Бекжан кәсіпқой суретші. Үш қарындашты сызғыштың бойына бекіткен. Сурет салу барысында ол әрбір қимылын бақылап қана қоймай, қарындаштардың дұрыс орналасуын қадағалап отырады. Ол "Алаш" ардақтылары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтың портретін осы техника арқылы салуды көптен армандаған. Бұл өнерін Тәуелсіздіктің 30 жылдығана арнап отыр.

Әсел БЕКЖАН, СУРЕТШІ:

Басқа-басқа саяси қайраткерлердің портреті менің жинақтарымның арасында болуы керек деп шештім. Басқалар да бұл ұлы тұлғаларымызды ұмытпаса деймін. Жаңа техника арқылы жұртқа осыны жеткізгім келді. Әрі оларды бөлек-бөлек емес, бір уақытта салғым келді.

Ә. Лесбек